Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Белгілі UFC  чемпионы ресми түрде мансабын аяқтады

Белгілі UFC  чемпионы ресми түрде мансабын аяқтады

Белгілі UFC  чемпионы ресми түрде мансабын аяқтады
ашық дереккөзі
 width= Абсолютті күрес чемпионатының (UFC) жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов ресми түрде мансабын аяқтады, деді ұйым басшысы Дэйна Уайт. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Известия басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Ол 100% ресми түрде зейнетке шығады. Сіздің қалай жұмыс жасағаныңызды көру керемет болды, барлығы үшін рақмет, келесіде болатын барлық нәрседен ләззат алыңыз, досым", - деп Twitter парақшасында жазды.
Нурмагомедов UFC 254 турнирі аясында Абу-Дабиде Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін 2020 жылдың қазан айында мансабының аяқталғанын жариялады. Ол әлі күнге дейін жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағына ие. БАҚ-тың хабарлауынша, ол Ресейде жекпе-жек мектебін ашып, оны марқұм әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың есімімен атайды. Содан бері Уайт ресейлікті спортқа қайтару жоспарлары туралы бірнеше рет мәлімдеді. Нурмагомедовтың активінде 29 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату