Қарапайым француз мұғалімі А.Кастанье қазақтар үшін қандай еңбек сіңірді?
Қарапайым француз мұғалімі А.Кастанье қазақтар үшін қандай еңбек сіңірді?
ашық дереккөзі
1904-1912 жылдары Қазақ даласын көп кезіп, ислам келгенге дейінгі, ислам келгеннен кейінгі қорымдарды, зираттарды, қорғандарды зерттеген қарапайым француз тілінің мұғалімі А.Кастаньенің тарихымызды, әдет-ғұрпымызды танытатын қаншама ақпараттар мен мәліметтер жинап қалдырып кеткенін біреу білсе біреу білмес.
Мен оның еңбектерімен Парижде дипломатиялық қызмет етіп жүргенде Гимэ атындағы Шығыс өнер музейінде таныстым. Бейіттер басына жылқының бас сүйегін іліп қою дәстүрінің әлемнің көп жерлерінде, көбінесе Азияда орын алатынын осы кісінің еңбегінен оқыдым. Бәсе, Индонезияда дипқызметпен жүргенімде жылқы бас сүйектерін сақтайтын әдеттерін байқап едім. Бала күнімізде бейттер басына жылқы бас сүйегін ағашқа іліп кеткендерін көретін едік.
Кастаньенің айтуынша: "La coutume, de deposer sur les tombes d'homme veneres la tete d'un animal est tres repandue dans les differentes parties du monde et plus particulierement en Asie. Avant de partir en voyage le musulman d'Asie centrale offre en sacrifice a' un parent un monton, plus rarement un boeuf. Si le voyage s'effectue selon le desire de l'interesse la tete de l'animal est deposee sur le tombeau en guise d'ex-voto. Les kazakhs, tres friands du cheval preferent aux autres animaux la tete de ce denier, parfois celler du mouton, plus rarement la tete du chameau. (Құрмет тұтатын адамның бейітіне жануарлардың бас сүйектерін қалдыру дәстүрі әлемнің барлық дерлік елдерінде, соның ішінде негізінен Азияда кездеседі. Алыс сапарға аттанбастан бұрын Орталық Азия мұсылмандары қайтыс болған туысына құрбандыққа шалу үшін қой, сирек жағдайда бұқа әкеп береді. Егер де сапар немесе іс-шара жемісті аяқталынса жануардың бас сүйегі мүйізімен бірге бейіт басына іліп қойылады. Жиі жылқыны жейтін қазақтар бейіт басына немесе қастерлі мекенге жақын маңда сол жануардың кейде қой немесе сирек жағдайда түйенің бас сүйегін іліп қояды.)".
"Il arrive parfois que les Kazakhs decorent leur habitation, exterieurement, d'une tete de cheval; cela indique qu'on est pret a reservoir le passant et a' lui faire bon accueil.(Сирек те болса, кей кездері қазақтар жылқы бас сүйегін қыстақтарының қабырғасында іліп қояды.
Яғни, кім келсе де қожайын жақсы қарсы алуға дайын дегенді білдіреді.)". "Suspendue a' un arbre, fixee a' une haie ou plantee dans un champ ka tete de cheval joue le role d'esprit protecteur des recoltes.(Тал басында, шарбақта немесе айдалада таяққа ілінген бас сүйектер орылатын жердің рухани қорғаушысы рөлін атқарады.)".
Нәби-Мұрсал ТҰЯҚБАЕВ,
дипломат-публицист