Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкек ҚХР-ға сыртқы қарыздарын өтей алмаса, елдегі кейбір маңызды нысан Қытайдың басқаруына берілуі мүмкін екенін жоққа шығармады, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі "Кабар" мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қырғызстан басшысы "Азаттық" басылымына берген сұхбатында елдің сыртқы қарызы банк алдындағы қарапайым несиемен бірдей жүйе бойынша төленетінін айтты. Яғни, банк пен қарыз алушы арасында келісімшарт болады, адам несиесін уақылы төлей алмаса, банк оның үйін немесе кепілге қойған басқа мүлкін алып қояды. "Сыртқы қарыз да солай. Қарызды төлеу мүмкін болмай жатса немесе бір күнге кешіксе, онда екінші тарап бұл нысандарды өзіне алады деген келісім жасалады", - деді президент.