Норвегия: Қырым Ресейді өзі таңдады, бәрі заңды

Норвегия: Қырым Ресейді өзі таңдады, бәрі заңды

ашық дереккөзі

 width= Қырымның Ресейге қосылуы не қосылмауы туралы шешім қабылдауға өзінің құқы бар. Дәл осындай мәлімдемені "Норвегия халқының дипломаттары" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі және норвег саясаткері Хендрик Вебер айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.  Вебер 2014 жылы референдум толық заң аясында өткенін, сол кезде Қырым өз алдына жеке аймақ ретінде көрініс бергенін айтады. Саясаткер сонымен қатар Қырымды аннексиялау болмады дейді.

"Халық Ресейге қосылуды өздері шешті. Егер Ресей реферндумсыз әскер кіргізіп, күшпен басып алған жағдайда аннексия болды деуге болар еді", - деді Вебер.
Бұдан бөлек норвег саясаткері батыс елдері Қырымның Ресейге тиесілі екенін амалсыз мойындайды  деп отыр. Егер батыс Қырымның Ресейге тиесіл екеніні мойындаса бәрі қалпына келеді, туристер жеті жыл бұрын қалай болды солай ағылады, мерекелік күндер атап өтіледі дегенді айтты.

Жүктелуде...