40 бала қоршап 3 баланы ұрған: Шымкентте мектеп оқушылары арасында қырғын төбелес болды

40 бала қоршап 3 баланы ұрған: Шымкентте мектеп оқушылары арасында қырғын төбелес болды

ашық дереккөзі

 width= Шымкентте мектеп оқушылары төбелесіп, үш бала жарақаттанды. Мукуми атындағы №105 мектептің 9-сынып оқушылары өзінен бір жас кіші үш ұлды үзіліс кезінде мектеп артына шақырып алып сабап тастаған. Жаппай төбелестен зардап шеккен 14 жастағы бір жеткіншек ауруханаға түскен, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Төбелес Шымкентке қарасты Сайрам ауылындағы №105 мектепте болған. Үзіліс кезінде оқушылар өзара белтемірге тартылып жарысқан екен. 8-сыныптың үш оқушысының үздік шыққаны 9-сынып оқушыларына ұнамай қалған көрінеді. Намыс қысқан жасөспірімдер өзінен кішілерді жабылып тепкілеген.

Замира Бөгенбай, ата-ана: - Үш баланы 40 бала қоршап алып ұрған, тепкілеген. Мұрны сынды. Бір баланың басы шайқалған. Мұрны сынған, құлағының артынан соққы алған. Қызарып ісіп кеткен. Жарықшақ бар. Құлағым бітіп қалған сияқты, ішінің бәрі құрылдайды деді. Соққы жеп қан-жоса болған балаларды мұғалімдер мәжіліс залына тығыпты. Тіпті жедел-жәрдем шақыруға тыйым салыпты.
Ауруханаға түскен екі жеткіншек қазір үйінде. Қуығынан қатты соққы тиген біреуі амбулаториялық ем алуда. Олардың ата-анасы ұлдарын мектепке жібергісі жоқ. Ал мұрны сынған 14 жасар оқушыға бір мәрте ота жасалды. Нұрдәулет әлі ауруханада жатыр.
Бахадыр Мырзахметов, мектеп директоры Барлығы жақсы отбасынан. Өздері дос болған. Бір күн бұрын турникте тартылып, сөз таластырып қалған да. Оны кезекші көрмеген. Себебі, мектептің ауласында емес, мектептің ар жағында, камераның астында, көрінбейтін жерде төбелескен.
Ал оқушылар арасындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты полиция департаменті әзірге тіс жармай отыр.

Жүктелуде...