Керней Дәу баласы Балта батыр туралы не білеміз?

Керней Дәу баласы Балта батыр туралы не білеміз?

ашық дереккөзі

 width= Қай елдің тарихын алмайық, көрнекті ірі тұлғалар сол елдің тарихындағы аумалы-төкпелі кезеңдерде, сын сағаттарда, қиын-қыстау күндерде өзінің халық алдындағы тарихи міндетін абыроймен орындап, есімі келешек ұрпаққа үлгі-өнеге болып келеді. Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріп отырған. ата-бабаларымыздың үш ғасыр бойы ішкі, сыртқы жаулармен алысып, ақыры халқын тәуелсіздікке жеткізгені дәлел. Сонау хандық құрылғаннан, одан жоңғарларға, орыстар мен қытайларға, қоқан, бұхара, хиуаға қарсы тойтарыс беріп отырған. Тарихымызда халқы үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасқан батырларымыз қаншама. Қазақ жерін сақтап қалу мақсатында жоңғарлар мен қаншама жыл кескілескен ұрыстар да шайқастар да болып өткен. Бұл шапқыншылық қоғамда батырларды тудырған заман болды. ХVІІІ ғасырда жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресте даңқы шығып, есімі тарихта қалған батырларымыздың бірі Керней Дәу баласы Балта батыр.                           Жастайынан батырлығымен ерекше көзге түсіп, Қазақ жерін жоңғарлардан азат ету жолында ерлік көрсете білген.  Балта қазақтың қол бастаған ержүрек батырлардың бірі. Көбінесе Еділ қалмақтарымен болған соғыстарға қатысып, Башқұртпен болған ұрыста сол кезеңде қазақ жасағын басқарады. Жоңғар қалмақтарымен қосылмақшы болған Аюке ханның қолына Мойынты өзеніңде тойтарыс берген. Абылайды Ұлытауда хан көтергенде ақ киіздің бір шетін осы Балта батыр ұстаған екен деген де әңгімелер бар.    Кернейден төртеу туады: Дәу, Шаң, Балапан, Самырза. Ал енді шежіреге тоқталсақ:  width= Дау атасын Ә.Бөкейханов Балта, Түйте атты екі әулетке, М.Ж.Көпейұлы бәйбішесінен Қалқаман, екінші әйелінен Балта, Түйте деп үш әулетке, М.Сәрсекеев осы нұсқаны қайталап үш әулетке бөліп, түрлі тұжырымдар жасайды. Керней ұрпақтарының шежіресі таратылған екі еңбекте екі түрлі таралым беріледі. Даудың бәйбішесінен Қалқаман, Балта, Түйте, екеуі үлкен тоқалдан, Қылыш – кіші тоқалдан, Еңсе, Дөңсе – кенже тоқалдан тарағандығын екі нұсқа бірдей мойындайды.  Балтаның батырлығы жайлы айта кетсек, жаугершілік заманда Түркістаннан шығарылған 20 мыңдай қалмақты түре қуып Кіші жүз жерін тазарта Еділ-Жайықтан асырып жіберу Есімхан, Жәңгірхан заманының ардагер батырлары Арғын Жолбарыс батырға, Көкбөрі Кернейдің немересі батыр Балтаға тапсырылды. Еділ қалмақтарын бері өткізбеуге, Жоңғар қалмақтарына көмектестірмеуге жарлық берілген. Жолбарыс батыр ескі Сауран қаласының түбінде оққа ұшып орнына батыр Балта 600-700 қолға түмен басы болып Жайық өзенінен, Ор өзенінен асырып тастайды. Орыс империясының әскерлері үшін Еділ-Жайық ортасында бағылып жатқан жылқыны барымталап башқұрттарды өз жеріне қуып тыққан. Біздің тілмен айтқанда батыр Балта әскери миссиясын Орта жүз батырларымен, қатарын Табын, Тама, Шөмекей, Адай, Ысық, Шеркеш жігіттерімен толықтырып 1743 жылға дейін тұрақтап қалады. Ел құрметіне бөленген Балта батыр Жоңғарлармен шайқаста жарақат алып, қайтыс болғаннан кейін  сүйегі Түркістанда Әзірет Әлі мазарына жерленеді. Оны қырық жігітімен баласы Итқара батыр апарғаны айтылады.    Балта төрт әйел алған. Осы әйелдерінен жиырма бас бала көріпті. Көшіп-қонда балаларын кесемен түгендеп отырады екен. Соның көбі тұрмаған.     Бәйбішесі Сарқасқа батыршалыс адам болыпты. Заманыңда жау түсірген дейді. Осы бәйбішесінен туған бес баласының ұрпақтары аман-есен өрбіген.    Бәйбішеден- Итқара, Қаратай, Қараша, Қотыр.    Итқараның азан шақырып қойған аты Қара екен. Көз тиеді деп Итқара атап кеткен.    Тарихта Жоңғарларға қарсы соғыста Кернейдің атын шығарған ерекше үш батыр болған. Оның бірі Балта батырдың баласы – Итқара батыр. Екіншісі Балапан батырдың немересі Тоқтар батыр, үшіншісі Жарылғап батыр. Түйтеден – Жарылғап – би Жарылғап, батыр Жарылғап атанған, қаракесекте ірі, дөкей болған Жарылғап. Қанжыалы Бөгенбай батырмен замандас болған. Бөгенбай батырдың кенже қызы Борсылдақты тұңғышы Қырбасқа алып берген. Қырбас жеті қатын алған. Бұларды Кернейдің үш көкжалы дейді екен.   Қазақ халқының қарсы шапқан жауларына тойтарыс берген мыңдаған батырларымыз ерлік көрсетіп, ержүректігімен аттары аңызға айналған батырларымыз жетерлік.

Динара АРЫНОВА, Ғылыми қызметкер

Жүктелуде...