Танымал қазақ ақыны Ердоғанға өлең арнады

Танымал қазақ ақыны Ердоғанға өлең арнады

ашық дереккөзі

 width= Әлеуметтік желіде өзінің поэзиялық және түрлі шығармашылық қабілеттерімен танылған Балтабек Нұрғалиев есімді желі қолданушысы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға өлең арнады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Маңдайын сүйген бір Алла, Режеп Тайып Ердоған! Зейіні түскен Құранға, Режеп Тайып Ердоған! Айналған аты ұранға, Режеп Тайып Ердоған! Шапағат төккен Тұранға, Режеп Тайып Ердоған! – деп өлең арнаған ол бейне материал форматындағы туындысын фейсбук әлеуметтік желісіне жүктеген. Желі қолданушылары қызу талқылаған аталмыш постқа түрлі пікірлер келіп түскен. Серікбай Нұр-ақын есімді қолданушы: «Енді Джо Байденге арнап бір өлең шығарып жіберсең...» - десе, Сабырхан Сейлбекулы атты қолданушы: «Құдай-ау не деген сөз! Ердоғандай ердің бағасын беру үшін тағы жазу керек» - деп жазған. https://www.youtube.com/watch?v=XiFdPzjtnGs

Жүктелуде...