Елімізде Көрісу күні атап өтілді

Елімізде Көрісу күні атап өтілді

ашық дереккөзі

 width= 14 наурызда еліміз Наурыз мейрамының басы Көрісу мерекесін атап өтеді. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Елордадағы Достық үйінде Фанида Мұқатайқызының жетекшілігімен Көрісу күні тойланып, оған барлық этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Мерекелік кеште Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл толқындары» ардагерлер ансамблі өз өнерін көрсетті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Қазақстан Халқы Ассамблеясына сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтай отырып: «Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл - нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы», - деп жазды Тwitter-дегі парақшасында.  
 

Жүктелуде...