«Бажасының» кесірінен полиция майоры Жұмабек жұмыстан кетті

«Бажасының» кесірінен полиция майоры Жұмабек жұмыстан кетті

ашық дереккөзі

 width= Елімізде полиция мен ұлттық ұлан қызметкерлерінің жалақырарын кезең-кезеңмен өсіру басталды. Бұл турасында Жаңаөзен онлайн ресурсы хабарлады.  Ішкі істер министрі Ержан Тұрғымбаев мәлімдегендей алғашқы кезеңде яғни 2021-2023 жылдар аралығында табысы төмен учаскелік инспекторлар, кіші сержанттар мен күзет қызметіндегілерге 15 тен 35-пайызға дейін айлық өспек. Қалған қызметкерлердің жалақысы осы уақыт аралығында 30 пайызға артады делінген басылымда. Жалпы айлықты көтеру полиция реформасының бірі парасы. Осы арқылы саланың престижі артуы тиіс. Тәртіп пен талап та күшейеді.  Әсілінде ел болам дейтін кез-келген мемлекет білім беру, медицина, армия мен полициядан ақша аямайды. Бізде де осыны басшылыққа алса керек. Алайда ішкі істер саласының беделіне нұқсан келтіріп жататын жайттар жиі бой көрсетіп, дамуға қадам бассақ дейтін жүйені аяқтан шалып жатады. Осы аптада тағы куә болдық. Бүкіл Қазақстан Жұмабекті таныды. Оның атын шығарған бажасы. Бұлар кімдер?  Кезекті Ұр Тоқпақ айдарына берсек. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Түркістан облысы Отырар ауданы әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, майор Жұмабек Төлеген бір видеомен бір күннің ішінде күллі Қазақстанға танылып кететіндігін өзі де күтпеген шығар, ия? Десе де болары болды. Бірақ, бояуы сіңді деуге келмей тұр! Ия, Шәуілдірді шулатқан бұл оқиғадан кейін жол ережесін бұзған сотқар халықтан кешірім сұрады. «Білместікпен встречка бағытында жүрдім. Енді бұлай қайталанбайды». Сосын тағы сұрады. «2021 жылы 7 наурыз күні болған оқиға үшін халық алдында кешірім өтінемін». Шамасы алғашқы видеода карантин талаптары сақталмаған, маскасы жоқ болғасын қайта жаздырған да тәртіп сақшылары. Хош. Тоқ етері, сотқар кінәсін мойындағандай болды. Ал, Жұмабек мырза ше? Тентекті тезге салудың орнына, оған болысқаны рас па?

Жұмабек Төлеген, полиция қызметкері «Менің қарамағымда үш адам бар. Олар аудан көлемінде қару жараққа қарайды. Сосын жол және знактарға сонымен қатар әкімшілік айыппұлдарға қарайды. Көшедегі патрульдерге, гайларға қарамаймын».
Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы менің сөзім жол сақшыларына жүрмейді деп жауапты қысқа қайырды.
Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы нөмірі 358 бұйрығымен бекітілген полиция стандарттарын бұзғандығы үшін Отырар аудандық бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Жұмабек Төлеген атқарып отырған лауазымымнан босатылды».

Жүктелуде...