weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Соңғы екі айда елімізде 62678 тұрғын үй келісімшарты жасалған

Соңғы екі айда елімізде 62678 тұрғын үй келісімшарты жасалған

Соңғы екі айда елімізде 62678 тұрғын үй келісімшарты жасалған
ашық дереккөзі
 width= 2021 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 41101 құраған. Өткен аймен салыстырғанда 90,5% артқан. Бұл туралы ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі жазады. 2021 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 40,4% артыпты. Аталған статистиканың көшбасында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Одан кейінгі кезек Алматы мен Қарағанды қалаларына тиесілі. Ескере кететін жайт, аталмыш ақпарат 2021 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректері негізінде дайындалған.