Жаңалықтар

Қазақстандық жігіт Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығын жеңіп алды

Қазақстандық жігіт Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығын жеңіп алды

 width= Халықаралық жүлдені жиырма жастағы жігіт америкалық рэпердің «Roses» композициясына жасаған ремиксі үшін алды. Оның бұл туындысы YouTube-те 1 миллион рет қаралып, Billboard Hot 100 ретингісінің үздік бестігіне кірген. Ал өткен мамыр айында британдық хит-парадта көш бастады. Осылайша америкалық рэпердің ремиксі ең танымал ондық композицияның ішіне кірді. Осы жетістіктен кейін Иманбек Зейкенов ресейлік дыбысжазу компаниясымен келісімге отырды. https://www.instagram.com/p/CMaXQyRIeJp/ Айта кетейік, Грэмми сыйлығының 63-і марапаттау салтанаты Лос-Анджелесте онлайн өтті. Беделді музыкалық сайыста қазақстандық үш қарсыласын басып озды. Қазақстан тарихында бұған дейін мұндай сыйлыққа ешкім ие болған емес.