Спорт/Шоу-Биз

Теміржолшы Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығына ұсынылды

5
(2)

Павлодар облысының тумасы Иманбек Зейкенов музыка саласындағы Оскар саналатын АҚШ дыбыс жазу академиясының Grammy сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Aiqyn.kz  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Grammy үміткерлерінің тізімі сыйлықтың ресми сайтында жарияланды. Әлемге әйгілі әншілердің әндерін орындап, Imanbek атымен танымал болған Иманбек Зейкенов Павлодар облысында дүниеге келген. Ән айтуға әуес теміржолшы ең алғаш былтыр Saint Jhn-ның Roses әнінің ремиксімен танылды.

The New York Times қазақстандық Иманбек Зейкенов туралы мақала жариялаған болатын. The New York Times-тағы мақалада теміржолшы Иманбектің табысқа қалай жеткені, SAINt JHN композициясының авторымен болашақта кездесу туралы жоспары, DJ Tiesto-мен шығармашылық байланысы туралы жазылған.

Ол ремикс жазуға осыдан 2-3 жыл бұрын ден қойған. Ресейлік Effective Records арқылы америкалық рэпердің Roses әніне ремикс жазды.

Ән бүкіл Еуропа мен Бельгия, Мажарстан, Нидерланды, Польша, Үндістан, Швецияда тез тарады. Imanbek-тің тыңдармандары көбейіп, танымалдығы арта түсті.

Shazam World-да 3-орынға шықты. Осыдан кейін 2016 жылы жазылған түпнұсқа ән былтыр US Billboard, British Singles Chart және Аустрия, Канада, Дания, Франция, Германия, Ирландияда тез тарады. Imanbek алғашқы әнін Spinnin Records Drama Records-та шығарды.

Бұған дейін Иманбек Зейкенов былтыр «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды. «Мәдениет» аталымында бірінші орынды иеленді.

Сондай-ақ Иманбек Зейкенов – биыл Қазақстанда  «Халық сүйіктісі» сыйлығының финалистері бірі. Ол Димаш Құдайберген, Әсет Төлегенұлы, Нұртас Адамбаймен қатар «Жылдың үздік мәдениет қайраткері» номинациясына да үміткер болып отыр. Нәтижесі 3 желтоқсанда белгілі болады.

Айта кетейік, Grammy – америкалық дыбыс жазу академиясының сыйлығы. АҚШ дыбыс жазу қауымдастығы 14 наурызда 1958 жылы құрылған. Музыка саласындағы ең жоғары марапаттың бірі саналады. Сыйлықтың музыканттар арасында  «Оскар» аталуы сондықтан. Recording Academy Grammy-дің жеңімпаздарын жыл сайын музыканың 30 жанры бойынша марапаттайды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button