Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 наурыз, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ол – халқымыздың біртуар перзенті: Тоқаев әлеуметтік желіде жазба жариялады

Ол – халқымыздың біртуар перзенті: Тоқаев әлеуметтік желіде жазба жариялады

Ол – халқымыздың біртуар перзенті: Тоқаев әлеуметтік желіде жазба жариялады
ашық дереккөзі
 width= Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай Twitter-де жазба жариялады.
"Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті", - деп атап өтті Тоқаев.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылында) дүниеге келген. 1886 жылы Омбыдағы 4 жылдық техникалық училищеде, одан кейін Санкт-Петербург қаласындағы Орман институтының экономика факультетінде білім алды. Дәл сол студенттік шақта сан алуан қозғалыстарға белсенді түрде араласқаннан кейін жандармерияның назарына ілікті, "саяси сенімсіздердің" қара тізіміне енді.  

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату