weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы әуежайында 32 келіден астам есірткі тәркіленді

Алматы әуежайында шетелден есірткінің ірі партиясын әкелуге бағытталған үш әрекет тоқтатылды, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Алматы әуежайында 32 келіден астам есірткі тәркіленді
Фото: Пресс-служба КНБ

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, оқиғалар тамыз айында тіркелген. Тыйым салынған заттар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген шетел азаматтарының жүгінен табылған.

Есірткі заттары косметикалық өнімдерге ұқсатып жасырылған ыдыстардың ішіне салынған. Сараптама нәтижесінде марихуана, каннабис шайыры және гашиш майы тәркіленгені анықталды.

Жалпы салмағы 32 келіден асқан есірткі заттары тәркіленді.

Қазір аталған фактілер бойынша материалдар тиісті органдарға беріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→