
Бішкекте жұмыс істейтін 28 жастағы қазақстандық дәрігер Асқар Байділда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтан аумайды бұл туралы Кактус медиа
Instagram парақшасында жазды.
Kaktus.media мәліметінше, Асқар Тараз тумасы. Оның әпкесі Бішкекте ұзақ уақыттан бері тұрады және оған жергілікті медициналық академияда оқуға кеңес берген. Жігіт оның сөзіне келісіп, 2013 жылы университетке түскен.
«Таныстарым менің Садыр Жапаровқа ұқсайтынымды айта бастады. Мұны негізінен егде жастағы адамдар, Қырғызстанның саясатын түсінетін зейнеткерлер айтты. Бірақ мен мән бермедім. Жапаров президент болды, теледидарда көп шыға бастады. Мені көргендердің барлығы дерлік біздің ұқсастығымыз туралы айтады. Бұл мені де қызықтырды. Мен бұл адам туралы мәліметтер іздедім, өмірбаянын оқыдым. Шынымен де, біздің түріміз қатты ұқсайды», – деді дәрігер.