weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елімізде жаңа мұнай кен орыны ашылды

Елімізде жаңа мұнай кен орыны ашылды

Елімізде жаңа мұнай кен орыны ашылды
ашық дереккөзі
 width= Маңғыстау облысында ірі мұнай кен орын ашылды. Маманның сөзінше, бұл тәуелсіздік алған 30 жылда ашылған алғашқы ең үлкен кен орны болмақ деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  өңірлік әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Аймақта ірі мұнай кен орын ашылғаны жайлы облыс басшысы Серікбай Трұмов пен кен орнын игерумен айналысатын "Меридиан Петролеум" компаниясы президентінің кездесуінде белгілі болған. Жаңа кен орны Маңғыстау және Бейнеу аудандарының аумағындағы Тепке учаскесінде орналасқан. Маңында "Қарақұдық", "Арыстан", "Комсомольское" кен орындары бар. Мұнай кен орнына аты аңызға айналған геолог-барлаушы, Маңғыстаудағы кен орындарын ашуға атсалысқан Халел Өзбекқалиевтың есімі берілген. Алынған сынама нәтижесі мұнай сапасының өте жоғары екенін, жеңіл, құрамында күкірттің де жоқ екенін, стандартты тәсілмен алынатынын көрсеткен. Қазіргі таңда мұндағы мұнай қорын есептеу жүріп жатыр. Компанияның мәліметінше, кен орнын іздеу жұмыстары 3 жыл бұрын, 2018 жылы басталған.