Министр мен депутаттар екпені қашан салдырады?

Министр мен депутаттар екпені қашан салдырады?

ашық дереккөзі

 width= Вице-министр депутаттар мен министрлерге вакцина наурыздың соңы – сәуірдің басында салынады деп жоспарланып отырғанын атап өтті.  Министрлер мен парламент депутаттарын вакциналау наурыздың соңы – сәуірдің басы басталады. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер – денсаулық сақтау вице-министр Ерлан Қиясов мәлімдеді. «Олар мемлекеттік қызметкерлермен бірдей вакцина салдыратын топқа кіреді. Бұл кезең медициналық қызметкерлер, педагогтар, әскери қызметшілердің вакцинациясы толығымен аяқталғаннан кейін жүргізіледі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерге вакцина егуді көздейді», – деді ол баспасөз мәслихатында.

Вице-министр депутаттар мен министрлерді вакциналау болжаммен наурыздың соңы – сәуірдің басында жүргізілетінін атап өтті. «Сол уақытта қандай вакцина қолжетімді болса, соны егеміз. «Спутник V» вакцинасы болатын шығар», – деді Қиясов.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Sputnik Қазақстанға «Спутник V» вакцинасын салдыруды жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Жүктелуде...