Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды атып кетті

Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды атып кетті

ашық дереккөзі

 width= Екібастұзда қоқыс төгуге шыққан ер адамды өз үйінің ауласында атып өлтіріп, ізін суытқан қаскөй ұсталды. Дереу күдіктінің ізіне түскен полицейлер жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 60-ты алқымдаған адамды ұстаған. Оның марқұмды шолақ мылтықпен атқаны анықталды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, Облыстық ПД Басшысының бірінші Орынбасары: "По данному факту задержан мужчина 65 летний... Осы қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адам ұсталды. Қылмыс кезінде қолданылған қару тәркіленді. Сезікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне жария етілмейді".
Бұл сұмдық оқиға кеше таңғы сегіздер шамасында болған. Ал қылмыс жасалған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ер адам қоқысты тастап, қайтып келе жатқанда оны көліктердің арасынан шыққан қара киімді қаскөй атып тастайды. Сәлден кейін қайта оралып,  екінші рет басына оқ жауджырған.. Бұл жантүршігерлік оқиғаны көрген әйел абдырап тұрып қалған. Оқиға куәгері күдіктінің мұны қасақана жасағанын айтады. Өйткені ол әуелі трансформатордың артында жасырынып тұрыпты. Оққа ұшып, мерт болған 60 жастағы ер адам "KEGOC-та" ұзақ жылдар бойы жүргізуші болып жұмыс істеген екен. https://youtu.be/JHmODEop-Dk

Жүктелуде...