Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева 1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейтінін мәлімдеді. - Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданды, - деді Якупбаева.
Оған сай, төмендегідей қызмет түрлеріне рұқсат етіледі:
"Жасыл" аймақтағы өңірлер үшін: 1) көрермендермен спорттық жарыстар (келушілер лимиті талқыланады);
2) 50 адамға арналған ас ішу (бірақ зал қуатының 30% артық емес);
3) бильярд қызметі;
4) үй-жайлардағы балалар ойын-сауық клубтарының қызметі;
5) цирктер.
"Сары" аймақтағы өңірлер үшін: Жексенбі күні базарлардың, сауда ойын-сауық орталығы мен сауда үйлерінің жұмысына шектеулер алынып тасталды.
1) боулинг қызметі;
2) компьютерлік клубтардың қызметі;
3) фитнес-орталықтар, бассейндер" делінген Якупбаеваның жазбасында.
Оның айтуынша, санитарлық талаптарды сақтай отырып, барлық бизнес субъектілері біртіндеп жұмысқа қайта оралады.