Украинада ана тілін қорлағандар үшін жаза қолдануды ұсынды

Украинада ана тілін қорлағандар үшін жаза қолдануды ұсынды

ашық дереккөзі

 width= Украиналық журналист Остап Дроздов билікті ел тұрғындарын, әсіресе балаларды ана тілін құрметтемегені үшін жазалауды ұсынды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. 4 арнаның эфирінде Дроздов шенеуніктер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен халықтың өзге де санаттағы өкілдері көпшілік алдында "украин тілін ұнатпайтынын" байқата алмай жүргеніні айтады. Ол сонымен қатар "кейбір жасөспірімдер ана тілін қорлап, балағат сөздер айтып жатса да, ешқандай шара қабылданбай жатқанына" ренішін білдірген. Журналист балаларға қатысты бұл тұрғыда шара қолдануды ұсынды. Дроздов украин тілін құрметтемегені үшін жазалауды көздейтін Тіл саясаты туралы заңға өзгеріс енгізіп, жазаны қатаңдату қажет деп санайды. Айта кетсек, бұған дейін Киевтің 15 жастағы мектеп оқушысы TikTok видеохостингінде украин тілін сынағаны үшін "Миротворец" базасына енгізіліп, оған "Украинаға қарсы Ресейдің арнайы ақпараттық операциясына қатысуда" деген айып тағылған болатын. Бейнежазбада ол украин тілін ұнатпайтынын, сондықтан бұл тілде сөйлеуден бас тартқанын айтады. Жасөспірімнің айтуынша, Киевтегі адамдардың көпшілігі орыс тілінде сөйлейді. Көп ұзамай видео көпшіліктің ашуына тигенін түсінген жасөспірім көпшілік алдында кешірім сұрады. Десе де бұл жайт елде әлі күнге дейін қызу талқыланып жатыр.

Жүктелуде...