weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
24 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Отбасы банкі елорда жастарын жақсы жаңалықпен қуантпақ

Отбасы банкі елорда жастарын жақсы жаңалықпен қуантпақ

Отбасы банкі елорда жастарын жақсы жаңалықпен қуантпақ
ашық дереккөзі
 width= "Отбасы банкі" Instagram желісіндегі ресми парақшасында Нұр-Сұлтан жастарына қатысты жаңалығымен бөлісті деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. https://www.instagram.com/p/CLoi65ij2_E/?utm_source=ig_web_copy_link
"Құрметті елорданың жас мамандары. Сіздер үшін жақсы жаңалық. "Отбасы Банкі" АҚ мен "Нұр-Сұлтан" әкімдігі арасында "Елорда жастары" жаңа бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беру туралы келісім жасау жоспарлануда. Қазірдің өзінде депозиттер ашып, армандаған пәтеріңізге ақша жинай бастаңыз деп кеңес береміз", - деп жазды "Отбасы банкі".
Банктің ресми парақшасында "Елорда жастары" бағдарламасының алғышарттары да жарияланды: Несиенің максималды сомасы 13 миллион теңгеге дейін Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5% Алғашқы төлем 10% -дан Несиенің максималды мерзімі - 25 жылға дейін Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі. Бағдарламаның басталуы туралы ақпаратты банктің Instagram парақшасынан білуге болатынын алға тартқан "Отбасы банкі" жастарға қатысты жобаның бүгінде қарастырылып жатқанын мәлімдеді.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→