41 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызға АИТВ жұқтырған

41 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызға АИТВ жұқтырған

ашық дереккөзі

 width= Ақтөбе соты 41 жастағы азаматқа кәмелетке толмаған қызбен қарым-қатынаста болғаны үшін үкім шығарды. Оның үстіне ер адам 15 жастағы қызға АИТВ  жұқтырған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Тергеу барысында айыпталушы ауруы туралы білген, сонда да екі жыл бойы жәбірленушімен жыныстық қатынаста болғаны анықталды. Қылмыстық іс бірден екі бап бойынша қозғалды. Жабық сот отырысы кезінде ер адам өз кінәсін толығымен мойындады.

"Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабы, 3-бөлігі, 122-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-түзету мекемелерінде 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың жетекші маманы Жұлдыз Сайманова.

Жүктелуде...