Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Атақты гольф ойыншысы көлік апатына ұшырады

Атақты гольф ойыншысы көлік апатына ұшырады

Атақты гольф ойыншысы көлік апатына ұшырады
ашық дереккөзі
 width= АҚШ-та әлемге әйгілі гольф ойыншысы Тайгер Вудс жол көлік апатына ұшырап, ауруханаға жеткізілді. Оқиға Ранчо Палос Вердес қалашығының маңында болды.  Оқиға орынына жеткен полицейлер оны көліктен арнайы құрал арқылы кесіп, шығарып алған. Спортшы аяғынан көп жарақат алған көрінеді. Айта кетейік, 45 жастағы Тайгер Вудс «Мейджор» турнирінің бірнеше дүркін чемпионы. Бірақ әйгілі гольф ойыншысы 2009 жылы да көлік апатына ұшырап, кәсіби спорттан кететінін мәлімдеген еді. Алайда кейін үлкен спортқа қайта оралған болатын.
Карлос Гонзалес, Лос-Анджелес округі шерифінің орынбасары Бұл жол апаты жиі болатын қауіпті жол учаскесі болып саналады. Себебі жүргізушілер осы тұста жылдамдықты асырып, апатқа ұшырап жатады. Ал осы оқиғада жүргізушінің аман қалуына қауіпсіздік белдігін тағып отыруы көп көмек болған деп айта аламын.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату