«Арселор Миттал» вице-президенті министрдің талабын орындай ма?

«Арселор Миттал» вице-президенті министрдің талабын орындай ма?

ашық дереккөзі

 width= ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Арселор Миттал» компаниясының вице-президентімен кездесті. Кездесу барысында министр Қарағанды облысының ауасына залал келтіріп отырған компанияға жаңа талаптар қойды. Министрдің айтуынша, компания берген уәделерін орындамаған. Бір ғана Теміртаудың өзінде 230 мың тонна зиянды зат ауаға таралады екен. Бұл жан басына шаққан кезде әр адамға 11 тонна деген сөз. Мұның ішінде әйелдер мен балалар да кіреді. Мәселені реттеу үшін алға қойған мақсат тиімсіз болып шықты. Жаңа шарт бойынша, компания 4 жыл ішінде қалдық шығаруды 30%-ға азайтуы тиіс. Бұдан бөлек автоматты мониторинг енгізіп, ауаның ластануын нақты қанша екенін ашық көрсету керек және 500 мың түп ағаш егу міндеттелді. 2019 жылы компания 2019-2024 жылдар аралығында қалдықтарды 60 мың тоннаға азайтатындарын айтқан. Алайда көрсеткіш тек қағаз бетінде «жақсы» деп көрсетілген. Нақты жұмыс жоқ.

Жүктелуде...