Қазақ әдебиетін жинаған және миссионерлікпен айналысқан ғалымға 160 жыл

Қазақ әдебиетін жинаған және миссионерлікпен айналысқан ғалымға 160 жыл

ашық дереккөзі

 width= 160 жыл бұрын (1861-1943) қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, миссионер Александр Васильевич Васильев дүниеге келді. Чебоксары діни училищесінде, Қазан діни академиясында оқыған. 1889-1894 жылдары Торғай облыстық халық мектептерінің Ыбырай Алтынсариннен кейінгі инспекторы болған. 1894 жылдан Орынбордағы Торғай облыстық басқармасының кеңесшісі қызметін атқарып, 10 жыл бойы «Торғай» газетінің редакторы болды. Ол қазақ халқының ауыз әдебиеті, тілі жөнінде көптеген зерттеулер жүргізіп, жинаған ауыз әдебиеті үлгілерін «Торғай» газетінде жариялаған. Торғайдағы ағарту ісінің тарихымен, өмірінің соңғы жылдары нумизматикамен шұғылданды. Қазақ мектептерінде пайдаланылатын орыс тілі оқулықтарын жазды. Онда қазақ балаларын орыстандыру мақсаты айқын көрініс тапқан. «Исторический очерк русского образования в Тургайской области» (1896), «Материалы к характеристике взаимных отношений татар и киргизов» (1898), «Образцы киргизской народной словесности. Выпуск второй - «Киргизские загадки» (1900), «Народные способы врачевания у киргизов Тургайской области» (1902) атты еңбектері жарық көрген. 1906 жылы «Киргизская хрестоматия» басылымын шығаруға қатысып, «Қырғыздарға арналған әліппе» кітабының екінші шығарылымының авторы болған.

inform.kz мәліметтері пайдалана отырып әзірленді.

Жүктелуде...