NASA Марстың алғашқы суреттерін жариялады

NASA Марстың алғашқы суреттерін жариялады

ашық дереккөзі

 width= АҚШ-тың «Персеверанс» зерттеу аппараты Марсқа аман-есен қонып, NASA қуанышында шек жоқ, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Себебі зондтың қызыл ғаламшарға қонуы миссияның ең қиын сәті болған. Ғалымдар аппараттың Марсқа қонуын толықтай түсіріп алды. Ал «Персеверанс» қызыл ғаламшарға жете салысымен жерге оның алғашқы суреттері мен дыбысын жіберіп үлгерді.

Аарон Стехура, NASA өкілі Мен мұндай фотоны ешқашан көрген емеспін. Керемет сурет. Командамыздың қуанышында шек жоқ. Марстың бетін суретке түсіріп, әлемге паш ету біз үшін үлкен мақтаныш.
Ал «Персеверанс» аппартының басты міндеті – қызыл ғаламшарда тіршілік көздерін іздеу. Аппарат оның бедерін бұрғылап, жерге үлгілерді жібереді. Осылайша, ғалымдар алғаш рет Марстың жер бедерін зерттеуге мүмкіндік алады.

Жүктелуде...