weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
23 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақтан шыққан тұңғыш генералдардың бірі Б.Байтасов 100 жаста

Қазақтан шыққан тұңғыш генералдардың бірі Б.Байтасов 100 жаста

Қазақтан шыққан тұңғыш генералдардың бірі Б.Байтасов 100 жаста
ашық дереккөзі
 width= 100 жыл бұрын (1921-1995) әскери қайраткер, кеңестік кезеңде қазақтан шыққан генералдардың бірі және генерал-майор Баһадүрбек Байтасов дүниеге келді. Қазіргі Түркістан облысы, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ленинград әскери-шекара училищесін, КСРО ІІМ Әскери институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946-1950 жылдары - Тәжік шекара округі Термез шекара отрядының кіші офицері. 1954-1960 жылдары - Қырғызстандағы шекара отрядының аға офицері, штаб бастығының орынбасары. 1960-1962 жылдары - Семей облысындағы Бақты шекара отрядының штаб бастығы. 1962-1968 жылдары - Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан шекара отрядының бастығы. 1968-1971 жылдары - Шығыс шекара округі штабы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 1971-1987 жылдары - Республикалық ДОСААФ Орталық комитетінің төрағасы болды. Ол халқымыздың қаһармандық ерлік салты мен дәстүрін насихаттауда, жастарды отан сүйгіштік рухта тәрбиелеуде үлкен еңбек сіңірген. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз», 1-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.