Петропавлдағы газ жарылысынан қайтыс болғандар туралы ақпарат шықты

Петропавлдағы газ жарылысынан қайтыс болғандар туралы ақпарат шықты

ашық дереккөзі

 width= СҚО полиция департаменті Петропавлда болған жарылыстан зардап шегушілер туралы ақпаратты жариялады. Полиция департаментінің хабарлауынша, газ баллон 5 қабатты жатақхананың бірінші қабатында орналасқан "Қара жорға" дәмханасында жарылған. Жарылыс кезінде дәмхана ішінде оны жалға алушы жігіт, 3 жұмысшы және  тамақ ішуге келген 4 адам болғаны анықталды.

Жарылыстан дәмхананың 1999 жылғы қызметкері қайтыс болды. Оның денесі өрт сөндірілгеннен кейін үйіндінің астынан шығарылған. Ал дәмхананы жалға алған 1996 жылы туған ер адам қатты күйік шалып6 Петропавлдағы қалалық көпбейінді ауруханада  қайтыс болды.
Еске сала кетейік, Петропавлда 21 ақпан күні 5 қабатты жатақханада газ баллон жарылып, 2 адам қайтыс болған.

Жүктелуде...