Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жаңатастағы қайғылы оқиға: 5 баланың ата-анасына пәтер берілді

Жаңатастағы қайғылы оқиға: 5 баланың ата-анасына пәтер берілді

Жаңатастағы қайғылы оқиға: 5 баланың ата-анасына пәтер берілді
ашық дереккөзі
 width= Жамбыл облысы баспасөз қызметінің хабарлауынша Жаңатас қаласындағы қайғылы оқиғадан зардап шеккен отбасыға 3 бөлмелі пәтер берілді.  "Балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника алып берді. Қоғамдық ұйымдар, демеушілермен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді" делінген хабарламада. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды. Еске сала кетейік, кеше Жамбыл облысы Жаңатас қаласы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт болған. Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз кәмелет жасына толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған 5 бала қалған. Өрт болған уақытта үйдің отағасы жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткені хабарланды. Түтінге уланған балалар жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, араға біраз уақыт салып көз жұмған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату