Денсаулық сақтау басқармасының басшысы вакцинацияға екінші рет барды

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы вакцинацияға екінші рет барды

ашық дереккөзі

 width= Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырды. Ресейде өндірілген "Спутник V" екінші компонентінің 2030 дозасы елорда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді. Екі компонент бір-бірінен құтының түсімен ерекшеленеді: біріншісі – көк, екіншісі – қызыл. Бір құты бес адамға жетеді.

"Қабылданған жаңа партия қалалық емханалар арасында таратылды. Оны ауруханалардың медициналық қызметкерлеріне, жедел жәрдем бригадаларының фельдшерлеріне, фильтр кабинеттердің қызметкерлеріне және басқаларға егу жұмыстары жалғасын табады", - деп хабарлады астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Денсаулық жағдайым жақсы, деп атап өтті Мұратов.
"Иә, сәл әлсіздік болды. Бірақ бұл ағзаның қалыпты иммундық жауабы. Оның жанама әсерлері болатынын білдім, сондықтан дабыл қақпадым. Вакцина салдырудан гөрі коронавирусты жұқтырып алудан көбірек қорқамын", - деді ол.
Жалпы, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау басталғаннан бері 2 008 адам вакцинацияланды.  

Жүктелуде...