Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам кезекті жекпе-жегінің марапаттау рәсімінде жеңісін Жамбыл облысында өрттен қайтыс болған сәбилердің рухына арнайтынын айтты. Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде эквадорлық Джейсон Минданы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңгені хабарланды.
Марапаттау рәсімінде боксшы жеңісін 20 ақпан күні Жаңатаста өрттен қаза болған сәбилердің рухына арнайтынын айтты:
– Елімізде кеше ғана өте үлкен қайғылы жағдай болды. Сәбилерімізден айрылып қалдық. Алла Тағала олардың жанын жанаттық қылсын! Мен жеңісімді сол сәбилердің рухына арнағым келеді, – деді ол.