Астраханда маңызды халықаралық конференция өтті

Астраханда маңызды халықаралық конференция өтті

ашық дереккөзі

 width=

Астраханда халықаралық ғылыми-практикалық «Аймақтық әлеуметтік-саяси жүйесі шеңберінде мәдениетаралық өзара қарым-қатынас» атты халықаралық ғылыми-практикалық пікір алмасу форумы болып өтті.

18 ақпан күні ҚР-ның Астрахан қаласындағы бас консулдығының қатысуымен Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің ғимаратында халықаралық ана тілі күніне арналған халықаралық ғылыми-практикалық пікір алмасу форумы болды.

Аталған форумға университет өкілдерімен қатар дипломаттар, жергілікті билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және онлайн форматта Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтау және т.б. қалаларының жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасы бас консулдығының басшысы Тауболды Үмбетбаев, бір өлкеде тұратын әрбір ұлттар өкілдерінің бір-бірінің ана тілі, мәдениеті мен тарихына деген сый-құрметі мен ынтымақтастығы халықтар бірлігінің келешегі екенін атап өтіп, Қазақстанда бүкіл қазақстандық бірліктің бірегей үлгісін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарғаны туралы айтты.

ҚР дипломаты биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 - жылдығы тойланып жатқанын айтып, мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты тереңдету бағытында бірлескен іс-шаралар өткізуді ұсынды. Соңында жергілікті билік өкілдері мен университет басшылығына форумның жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанына ризашылық білдіріп, мұғалімдердің жастар келешегіндегі таптырмас еңбектеріне табыстар мен жетістіктер тілеп, осындай халықаралық пікір алмасудың өзара түсіністік пен достастыққа өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

 width=

Сонымен қатар, форум залында Қазақстанның мәдениеті мен тарихы бұрышы көрмесі ұйымдастырылды.

Жүктелуде...