Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

“Қайғылы оқиға”. Сапарбаев қайтыс болған балалардың отбасына көңіл айтты

“Қайғылы оқиға”. Сапарбаев қайтыс болған балалардың отбасына көңіл айтты

“Қайғылы оқиға”. Сапарбаев қайтыс болған балалардың отбасына көңіл айтты
ашық дереккөзі

 width= Жамбыл облысынң әкімі Бердібек Сапарбаев қайтыс болған балалардың отбасына көңіл айтып, қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. - Бүгін бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты. ⠀ Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н. Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды, - деді ол. ⠀ Облыс басшысы қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетіліп, бұл мәселе жеке бақылауында болатынын атап өтті.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Жаңатас қаласы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт болған. Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз қалып қойған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала болған. Түтінге уланған балалар жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда біраз уақыттан кейін қайтыс болғаны белгілі болды. ⠀

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату