Жамбылда бір үйдің 5 баласы қайтыс болды

Жамбылда бір үйдің 5 баласы қайтыс болды

ашық дереккөзі

 width= Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында пәтерде өрт шығып, бір отбасының бес баласы көз жұмды. Оқиға бүгін сағат 15:15-те 2-ші шағын аудаында болған. 5-қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы көлемі 16 шаршы метр пәтерде өрт шығып, барлық дүние жанып кеткен. Өрт кезінде бір отбасының 5 бірдей баласы үйінде болған. Үйде 1 жастан 6 жасқа дейінгі 2 ұл мен 3 қыз болғаны анықталды. "Пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар болды. Алдын ала деректер бойынша отағасы жұмысқа, анасы дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған барлық балалар улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылды. Бірақ біраз уақыттан кейін жан тапсырды" делінген төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада. Оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына шықты. Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы орган тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі. Психологтар көмек көрсетіп, жерлеу рәсімі ұйымдастырылады. Жаңатасқа облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов шықты. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері және 1 техника жұмылдрылды. Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілген.

Жүктелуде...