Ел мүддесі жолында атқарған еңбегі өнеге - Тоқаев

Ел мүддесі жолында атқарған еңбегі өнеге - Тоқаев

ашық дереккөзі

 width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым Салық Зиманов Қазақстанның құқықтық негізін қалыптастыруға зор үлес қосқанын мәлімдеді. - Бүгін – аса көрнекті ғалым, академик Салық Зимановтың туғанына 100 жыл. Ол егемен еліміздің құқықтық негізін қалыптастыруға және заң саласын дамытуға зор үлес қосты. Салық Зиманұлының ел мүддесі жолында атқарған еңбегі өскелең ғалым ұрпақтарына қашанда үлгі-өнеге, - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Салық Зимановтың 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға мемлекеттік билік органдары мен академиялық ғылыми ортаның, сондай-ақ заңгерлер қауымының өкілдері қатысты.

Жүктелуде...