
Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды
Newsroom+ақпарат агенттігі
"Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, ұшақтың шұғыл түрде қонуына ауа райының қолайсыздығы себеп болған.
"19.02.2021 сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан-Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45-ке ауыстырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Компания мәліметінше, ұшақ Алматы әуежайына қауіпсіз қонған. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылар зардап шеккен жоқ. Алайда жолаушылардың сөзінше, ұшақ үшінші реттен ғана Алматыға қонған.