
"Компания осы аптада қазіргі және жаңа буын желілері үшін сымсыз жүйелерді зерттеуші инженерлерді іздеу туралы хабарландыру жариялады", - деп жазады Блумберг агенттігі.Компания бос жұмыс орындары туралы хабарламасында Кремний алқабындағы және Сан-Диегодағы Apple кеңселеріндегі лауазымдарды көрсеткен. Онда компания сымсыз технологиялар мен чиптерді әзірлеп жатыр. Сондай-ақ хабарландыруда 6G саласындағы әзірлемелер туралы жазылған.