Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанда азаматтардың аты-жөнін латын қарпімен жазу ережесі қарастырылып жатыр

Қазақстанда азаматтардың аты-жөнін латын қарпімен жазу ережесі қарастырылып жатыр

Қазақстанда азаматтардың аты-жөнін латын қарпімен жазу ережесі қарастырылып жатыр
ашық дереккөзі
 width= Владислав Воднев Қазақстанда 2021 жылы азаматтардың аты-жөнін латын графикасына негізделген әліпбиге сай жазу ережелері әзірленеді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында айтылды. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов министрліктің 2021 жылы атқаратын жұмысына тоқталды.
"Абай институты" атты Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілету бағдарламасын жетілдіріп, қолданыс аясын кеңейту жоспарланған. Сонымен қатар, азаматтардың аты-жөнін латын негізді әліпбимен жазу ережелері дайындалады", - Дәуешов.
Одан бөлек, Қазақстан аумағындағы географиялық нысандардың және олардың құрамдас бөліктерінің атауы латын графикасы негізінде стандартталады. Мәдениет және спорт министрі орынбасарының сөзінше, 2021 жылы мемлекет басшысының "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы" жарлығына да өзгерістер өзгерістер енгізіледі.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату