Кімдер коронавирусты анықтау тестінен тегін өте алады?

Кімдер коронавирусты анықтау тестінен тегін өте алады?

ашық дереккөзі

Медицина қызметкерлері, полицейлер, жүкті әйелдер, балалар және COVID-19 вирусын жұқтырғандармен байланыста болғандар коронавирусты анықтау тестінен тегін өте алады . Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі. Сонымен қатар, Сәуле Қисықова жекеменшік зертханада коронавирусты анықтауға тексерілу қызметінің құны қанша болатынын атап өтті. "Алматымен әуе жолы ашылды. Осыған байланысты тұрғындар міндетті түрде тексерістен өтуі керек. Қалада бірнеше зертхана орталығы бар. Олар бағаны өзі белгілейді. Мұнда тест тапсырудың ақысы 11-20 мың теңге аралығында", - деді ол.

Жүктелуде...