weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
18 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алаяқтар БЖЗҚ атынан хаттар жолдауда

Алаяқтар БЖЗҚ атынан хаттар жолдауда

Алаяқтар БЖЗҚ атынан хаттар жолдауда
ашық дереккөзі
 width= Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары әлеуметтік желі және мессенджерлер арқылы алаяқтардан жалған хаттар ауық-ауық келіп отыратындығына шағымданады. Алаяқ өзін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстыра отырып, банктік карточкаларының нөмірін анықтауға тырысады және зейнетақы жинағын қайта есептеу үшін салымшының реквизиттерін айтуды сұрайды. Мұндай спам-хаттар Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы тараған және оның Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесімен ешқандай байланысы жоқ екендігі анықталды.

БЖЗҚ мұндай хабарламаларды жібермейді және жеке мәліметтер мен сіздің банктік картаңыздың мәліметтерін телефон арқылы сұратпайды, деп хабарлады зейнетақы қорынан.

Сондай-ақ, БЖЗҚ бейтаныс сайттардың күдікті сілтемелерін баспауға кеңес береді және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан тексеруді сұрайды.