8-наурызда көпбалалы аналарға ақшалай төлем беріледі

8-наурызда көпбалалы аналарға ақшалай төлем беріледі

ашық дереккөзі

 width= Халықаралық әйелдер күніне орай ШҚО-дағы көпбалалы аналарға ақшалай төлем беріледі. Қаржылай көмек төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған әйелдерге тағайындалады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі altaynews.kz.-ке сілтеме жасап.

 «Сондай-ақ ақшалай төлемді «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана», «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталғандар да ала алады. Төлем мөлшері 5 АЕК (14 585 теңге) құрайды. Бұл атаулы және мерекелі даталарға арналған төлем категориясы», – деп хабарлады ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының әлеуметтік төлемдер бойынша бөлім басшысы Бұлбұл Балабекқызы.
Мемлекеттік көмек 8 наурыздан кейін беріледі. Төлемді алу үшін «Қазпочта» АҚ филиалдарына хабарласу жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы керек.

Жүктелуде...