
АҚШ-тың Калифорния штатында адам ағзасынан екі штамм бірігуінен пайда болған гибрид коронавирус штамы табылды, - деп хабарлайды
Daily Mail.
Ғалымдар гибрид екі штамның бірігуі нәтижесінде пайда болды деп болжап отыр. Олар ұлыбританиялық B. 1.1.7 және АҚШ-та пайда болған B.1.429. Әзірге гибрид штамды жұқтырудың бір ғана жағдайы белгілі. Бірақ сарапшылар тексерілмеген науқастарда жұқтыру дерегі болуы мүмкін деп қорқады.