Анатолий Цой ыммен ән айтатын қыздарды сахнаға алып шықты

Анатолий Цой ыммен ән айтатын қыздарды сахнаға алып шықты

ашық дереккөзі

 width= Х Factor жобасының көрермендері таланттар шоуының қатысушылары болып табылмайтын қыздардың өнеріне тәнті болды. Екі тамаша қыздан тұратын ерекше дуэт басқаларға ұқсамайды. Қыздардың біреуі ән шырқаса, екіншісі ым-ишарамен сурдоаударма жасайды. «Айару» дуэтінің қос қатысушысы да мүмкіндігі шектеулі жандар. Аружан көру қабілеті, ал Айсана есту қабілеті бойынша мүгедектер санатында.  width= Қос ару жобаға келіп, финалға өте алмай қалған кезде Анатолий Цой жас орындаушыларға қолдау көрсетуге уәде берген болатын. Мінекей, қос ару Талғат Кенжеболатов (Кентал) пен Ардақ Тошынбай жазған жаңа әнді Х Factor жобасының сахнасында орындады. Әннің авторлары Анатолий Цойдың бастамасын қолдап, қыздарға арнап, ән жазды. Қыздар Анатолий Цоймен бірге осы әнге бейнебаян түсіргісі келетіндерін айтты, алайда нақты уақытын әзірге құпия қалдырды. «Бізден көмегін аямаған жандарға алғысымыз шексіз. Әсіресе, Анатолий Цойға рақмет айтамыз. Пейілі кең, ең бастысы сөзінде тұратын жан екен», - дейді Аружан. Жаңа «Айару» дуэтінің арулары Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғындары. Анатолий Цой сенім білдіріп, көмек қолын созып, уәдесін орындағаннан кейін қыздар шығармашылық жолда ары қарай әрекет етуге дайын. «Айару» дуэті қазақстандық шоу-бизнестен өз орнын табады деп үміттенеміз. Еуразия бірінші арнасының редакциясы атынан қос дарынға толағай табыстар, сарқылмас күш тілейміз.

Жүктелуде...