"Ақ батасын берген". Аймағамбетов Нұртілеу Иманғалиұлының отбасына көңіл айтты

"Ақ батасын берген". Аймағамбетов Нұртілеу Иманғалиұлының отбасына көңіл айтты

ашық дереккөзі

 width= Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының өмірден өтуіне байланысты отбасы мен туысқандарына көңіл айтты. "Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті деген суыт хабар естідік... Саналы ғұмырын қазақ журналистикасына арнаған ағамызбен осы жазда жаңа оқу жылының қарсаңында ашық-жарқын әңгімелескен болатынбыз. Сұхбаттың соңында ризашылығын білдірген ағамыз, “Қайда жүрсеңіз де, асығыңыз алшысынан түссін” деп маған да ақ батасын берген еді.

“Салмақты сөз үйірсе асықтай ғып, бар-жоғы 40 минут, асықпайық“ деп бағдарлама барысында өзекті тақырыптарды қозғап, маңызды мәселелерді жан-жақты талдап, халықтың көкейінде жүрген сауалдарды көтеруші еді.
Нұртілеу Иманғалиұлының туған-туыс, жақындарына көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақпын. Бақұл болыңыз, аға!" деп көңіл айтты министр әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Жүктелуде...