weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақмола облысында бойжеткен өз әкесінен ақша ұрлаған

Ақмола облысында бойжеткен өз әкесінен ақша ұрлаған

Ақмола облысында бойжеткен өз әкесінен ақша ұрлаған
ашық дереккөзі
 width= Ақмола облысының полиция қызметкерлері өз үйінен ақша ұрлаған бойжеткенді әшкереледі деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Polisia.kz. -ке сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, 15 ақпанда Көкшетау қаласының полиция басқармасының кезекші бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз біреулердің тұрғын үйіне кіріп, шкафтағы ақшасын ұрлап әкеткені туралы арызданған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 100 мың теңгеден асады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары осы қылмысты жасаған арызданушының қызы болып табылатын 19 жастағы бойжеткенді әшкереледі. Қазіргі уақытта айыпталушы өз қылмысын мойындады және ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсау үшін алғанын жеткізген. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.