weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Олимп букмекерлік кеңсесінен ірі көлемді ақша тәркіленді

Олимп букмекерлік кеңсесінен ірі көлемді ақша тәркіленді

Олимп букмекерлік кеңсесінен ірі көлемді ақша тәркіленді
ашық дереккөзі
 width= Сот OLIMPKZ букмекерлік кеңсесінің мүлкін тәркілеу туралы шешім жасады  деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
"Алмалы аудандық соты 2021 жылы 16 ақпанда Алматы қаласы прокурорының халықаралық іздестіруге жариялаған букмекерлік қызмет түрімен заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған "OLIMPKZ" Букмекерлік кеңсесі" ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтінішхатын қанағаттандырды. Сот актісімен 3,6 миллиард теңге, 4 әуе кемесі және 3 автокөлік мемлекет кірісіне айналдырылды", - делінген хабарламада.
Сотта ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары бұл мүлікті қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.