Алматы облысында өз еркімен отставкаға кетпек болған әкім қызметінде қалатын болды

Алматы облысында өз еркімен отставкаға кетпек болған әкім қызметінде қалатын болды

ашық дереккөзі

 width= Алматы облысында өз еркімен отставкаға кетті деген аудан әкімі қызметінде қалды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі әкімдіктің ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

16 ақпанда Еңбекшіқазақ ауданы әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтың өз еркімен қызметтік орнын босатқаны хабарланған еді. 

Алайда араға жарты күн салып аудан әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Еңбекшіқазақ ауданының әкімі жұмыстан босатылған жоқ және өз қызметін атқарып жатыр. Қазір жұмыс сапарымен аймақты аралап жүр", – деп хабарланды аудан әкімдігінің ресми парақшасында.
Қуанышбек Қашқымбаев 2020 жылдың 2 шілдесінде Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметіне кіріскен еді.  

Жүктелуде...