Бақтияр Артаевтың бапкері неге өкпелі?

Бақтияр Артаевтың бапкері неге өкпелі?

ашық дереккөзі

 width= 10 жасынан 25 жасына дейін Бақтияр Артаевты жаттықтырып, әкесіндей қамқор болған бапкері Нұрлан Ақүрпеков «Ең алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында өз өкпесімен бөлісті.

«Қазір енді барлық жағдай жасалған ғой. Ол кезде өзің массажист, өзің психолог. Қазақшалап маймен сылап. Басынан башпайына дейін массаж жасап, солай мәпелеп қостық қой жарысқа. Соның барлығы істелінген жұмыстар. Оның жеңісі былай айтқанда менің жеңісім. Журналистер көбіне сұрақ бергенде тренерлер туралы бір сөз жазылмай қалады. Оққағары да мен болған шығармын сол кезде. Оған бірдеңе төнсе, көкірегімді тосуға дайын болғанмын. Соның бәрі болды. Бақтияр еліміздің сүйікті азаматына айналды. Соның бәрі тұрғанда, тренері туралы айтылмай қалу дұрыс емес деп ойлаймын», - дейді Нұрлан Ақүрпеков.
Әкесіндей көріп, балалықпен еркелегенін, кейде көңіліне қаяу түсіретін мінез көрсеткенін мойындаған атақты спортшы бағдарлама студиясынан жеке бапкері болған Нұрлан Ақүрпековке қоңырау шалып, кешірім сұрады. Материалды көшіріп басу және жариялау үшін Newsroom.kz-ке сілтеме беру міндетті.

Жүктелуде...