weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 ақпан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы қайтыс болды

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы қайтыс болды

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы қайтыс болды
ашық дереккөзі
 width= Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы қайтыс болды. Бұл туралы Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі хабарлады. "Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлы "Құрдастар", "Жастар дауысы", "Арай", "Жадыңда ма, жолдас", "Айна", "Жас жігер","Бетпе-бет", "Қолтаңба", "Діңгек", "Көршілер", "Заң сөйлесін", "Nur-Tiley" авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды" делінген хабарламада. Нұртілеу Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары – "Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары "Қазақстан РТРК" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.