Саунада демалған полицейлер жұмыстан қуылды

Саунада демалған полицейлер жұмыстан қуылды

ашық дереккөзі

 width= Семей қаласында карантин талаптарын сақтамай саунада демалған полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды.  ШҚО полиция департаментінің қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізді. Тергеу барысында биылғы жылдың 29 қаңтарында учаскелік инспекторлар жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Рашит Сұңғатовпен бірге Семейдегі моншада болғаны анықталды. "Карантин талаптарын бұзғаны үшін орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Рашит Сұңғатов қызметінен босатылды. Ал қалған учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, өз міндеттерін адал атқармағаны және жеке құрамның бақылаусыздығы үшін Семей полиция басқармасы мен Семей полициясының орталық бөлімінің бірқатар лауазымды тұлғасы қызметінен кетті", делінген ШҚО полиция департаменті таратқан хабарламада. Монша кешенінде болған полиция қызметкерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тиісті материалдар жолданды. Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде моншада демалып жүрген бір топ Семей полицейлерінің суреті жарияланған. Кейіннен ШҚО полиция департаменті аталған іске қатысты қызметтік тексеру бастағанын хабарлаған.

Жүктелуде...